Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8(7182)53-47-14

Пайдалы ақпарат

Іздеу

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

ТАРИХ ПАРАҚШАСЫ

Ертіс өңірінің 70-жылдығы қарсаңында жарияланған «Павлодар облысының 1938-2008 жылдарғы хронографында» Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» мемлекеттік мекемесіне құрметті орындардың бірі берілген. Павлодар облысы Мемлекеттік архивінің құжаттары негізінде жасалған басылымда 1990 жылғы білім беру даму кезеңдерінің бірі болып лицей үшін айтарлықтай маңызды факт белгіленген: «Қыркүйек айында Павлодар қ. №8 орта мектебінің негізінде физика, математика, есептеу техниканы тереңдетіп оқытатын лицей құрылды. Павлодар қ. мектептері педагогикалық кеңестерінің ұсыныстары бойынша жаңа оқу жылы лицейге 170 үздік оқушы қабылданды. Лицей директоры Виталий Петрович Никитенко болды».

Оқу жылының басында М.Горький көшесіндегі №8 жалпы орта білім беру мектебінің ғимаратында орналасқан лицейде 192 оқушы білім алды. Барлық оқушылар қатаң конкурстық іріктеуден өтті. Конкурсанттар лицейге 7, 8, 9 сынып оқушыларынан қабылданды.

Педагогикалық ұжым 31 кәсіпқой мұғалімнен құрылды. Ол математика мұғалімдері - Ганелин Д. Г., Абрамчик М. А., Ли А.Е., Рихау М.П.,

Чернявская Н.И., Дружинина У.И., Рыбалкова Н.А., физика мұғалімдері – Никитенко В.П., Билида А.Н., Иванов А.Е., химия мұғалімдері – Чернышова Л.В., Шепеленко И.Г., Крючкова Т.А., Алдушина И.Н., география мұғалімі – Юрченко О.И., АЕТН мұғалімдері - Кафтункина Л.Н., Паничева Л.Ф., Левенец Т.А., орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері – Воронина Ю.Р., Гаркушина В.Е., Тарасуло Ф.А., қазақ тілі мұғалімдері – Айтбаева Е.Б., Амирова Ж.Д., Аскарова Ш.У., тарих мұғалімі – Черненко В.И., биология мұғалімдері – Григорьева Т.В., Синицына И.Ю., ағылшын тілі мұғалімдері – Майстерчук Л.И., Посохова Л.С., Котенко Л.Н., сызу мұғалімі – Геннинг С.П.

Лицей құрылымының негізгі идеясы ерте бейіндік болды. Сондықтан физика, математика, есептеу техниканы тереңдетіп оқыту бойынша профильдер енгізілді. «ЭЕМ операторы» және «Зертханашы-бағдарламашы» мамандықтары бойынша кәсіби дайындық жүргізілді. Оқу үдерісі ұйымдастырылғанда гуманитарлық бағыттан басқа барлық пән бойынша сынып топшаларға бөлінді. Оқушымен тығыз қатынаста мұғалім өзара әрекеттісудің тиімді оқу формаларын тауып, дер кезінде білім кемшіліктерін анықтап, түзеу жұмысын өткізеді. Мұғалімдер мектеп бағдарламасының негізінде жоғары оқу орындары бағдарламаларының жеке тақырыптарын міндетті түрде қамтитын авторлық оқу бағдарламаларын әзірлейді.

Лицей директоры Виталий Петрович Никитенко қабілетті және дарынды балалардың жан-жақты қызығушылығын қанағаттандыратын гармониялық даму бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама оқушылардың бір уақытта ЭЕМ-ге байланысты кәсіптік бағдары мен кәсіби дайындығын көздеді, себебі лицей орналасқан ғимараттың бірінші қабатында қала оқушыларына арналған ЭЕМ бойынша оқу-өндірістік кешені жұмыс жасады.

Лицей жанында Тамара Алексеевна Левенецтің басқаруымен «Бағдарламашы» кіші кәсіпорын құрылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, лицей оқушылары орыс тілі, физика, математика бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі. Оныншы сынып оқушысы Сергей Шкуловтың ЭЕМ-де дайындаған орыс тілінен оқу бағдарламасын көпшілік таныды.

В.П.Никитенконың пікірі бойынша лицейде білім беделін арттыру және оқуда жарыстастық рухын қалыптастыру үшін мектепте олимпиадалық қозғалысын ұйымдастыру өте қажетті болды. Сондықтан лицейде олимпиадаларды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті құрылды. Комитет төрағасы болып В.П. Никитенко сайланды. Ұйымдастыру комитетінің басты бағыты - әр деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жұмысын жазғы сырттай оқу мектептерінің қызметі, математика, информатика, физика бойынша қосымша авторлық бағдарламаларын әзірлеу, жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақыру, оларды олимпиадалардың қазылар алқасы құрамына енгізу арқылы күшейту болып белгіленді. Педагогтардың ерекше назарында қарапайым деңгейден күрделіге міндетті түрде көтерілетін олимпиадалық тапсырмаларды дайындау болды.

Олимпиадаларды ұйымдастыру мен өткізудіге тиянақты көзқарас дұрыс нәтиже берді. Математика, физикадан аудандық және облыстық пән олимпиадаларының бірінші жүлдегерлері Роман Кривень және Айдын Биболов болды. Бұл оқушылар математика мен физикадан республикалық

олимпиадасының қатысушылары ретінде жеңілдікті шарттар негізінде ҚазНУ-да оқуға шақырылды.

1992 жыл тарихқа тұңғыш мектеп бітірушілер жылы болып кірді. Түлектер «ЭЕМ операторы» және «Зертханашы-бағдарламашы» куәліктерін алды. Алғашқы рет мектеп бітіру емтихандары Павлодар индустриалдық институтына түсу емтихандарымен қатар өткізілді. Барлық түлектерге студенттік билеттер табысталды. Лицей қабырғасынан 35 түлек шықты, оның үшеуі үздік аттестатқа ие болды. 33 түлек Павлодар, Новосібір, Томск, Барнаул, Алматы және басқа қалалардың университеттері мен институттарының студенттері аталды.

1993 жылы республикалық олимпиадасының бірінші жеңімпазы және Турцияда өткен математика пәнінен Халықаралық олимпиадасының қатысушысы ученик 11 сынып оқушысы Роман Кривень болды (мұғалімі - Чернявская Н.И.).

«Эврика» мектептік ғылыми қоғамы өз жұмысын бастады. Бұнда ғылыми жобалардың күрделі де қызықты тақырыптарымен жұмыс жасайтын әуес педагогтар мен зияткер оқушылар командасы жиналды. Жобаларды математика мұғалімдері Дружинина У.И., Рубцова Т.И. басқарды.

Жыл сайын «Жастар шығармашылығы» атты конкурсын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл шара лицеисттерге ғылыми ізденіс тәжірибесін беріп, жұрт алдында өз ғылыми ұстанымын қорғауға үйретеді, шығармашылық ойлауды дамытып, қабілетті балалардың арасынан үздіктерін іріктеп алуға жағдай жасайды.

Лицей редакциясы орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Ф.А. Тарасулоның жетекшілігімен «Лицеист» журналын басып шығаруға кірісті. А.С. Пушкин, П.Васильев туралы тақырыптық нөмірлер басылып шығарылды, сондай-ақ лицеисттердің үздік очерктері, шығармалары мен суреттері жарық көрді.

Оқушыларды әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау мақсатында 5-7 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен сырттай оқу мектебі ашылды.

8 және 11 сыныптарда көшіру және мектеп бітіру емтихандар тестілеу формасында өткізілді. Математика, физика, информатика, ағылшын тілі пәндерінен «Олимп» атты жазғы олимпиадалық резерв мектебі ашылып, оқушылар қиын тақырыптарды қызығушылықпен меңгеруде.

Лицей директоры В.П.Никитенконың пікірінше, оқу үдерісінде дарынды балаларды анықтау – мұғалім маңызды жұмысының тек қана бастамасы. Ең бастысы – оларды жетілдіру жолында жоғалтып алмау. Сондықтан олимпиадаларды жиі және әр түрлі қылып өткізіп, оларға балаларды дайындап шынықтыру қажет. Лицеисттерді жүйелі де тереңдетіп дайындау, олардың пәндерге бейімділігін дамыту ептеп жемістерін бере бастады.

1996 жылы информатикадан Халықаралық олимпиадасының бірінші жүлдегері 10 сынып оқушысы Котенков Игорь болды (учитель - Кафтункина Л.Н.). Жеке пәндерді оқуда қол жеткізген нәтижелері үшін облыс әкімдігінің 1996 ж. 25.09. №185 шешімімен лицейдің сегіз оқушысына 1996-1997 оқу

жылына ай сайынғы облыс әкімінің стипендиялары берілді (Баворовский П., Котенков И., АЕТН; Болинингер В., Шевелев Н., математика; Торяник А., орыс тілі; Корниенко Р., Симончук А., физика; Шашкина А., кқазақ тілі). Стипендиаттарды салтанатты жағдайда білім беру департаментінің бастығы К.М. Ахметова, ПМУ ректоры А.Д. Фрезоргер құттықтады.

1996 жылы 34-ші облыстық пән олимпиадасының қазылар алқасы №8 лицей-мектебі оқушыларының математика, биология, химия, информатика, қазақ тілі пәндерінен білімдерінің жоғары деңгейін атап өтті. Лицей командасы тоғыз пән бойынша 32 жүлделі орын иеленді.

9-шы сыныптарда ұсынылған диктант пен мазмұндаудың орнына мәтіннің кешенді талдауы бойынша емтихан өткізілді. Мектеп директорының бастамасымен оқушылардың тәуелсіз аттестациясы өткізілді.

Лицей дәстүрлерінің бірі болған «Жыл лицеисты» атты конкурс гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық ғылымдар саласында дарынды да талантты оқушыларды анықтауды мақсаттады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 Жарлығын орындау мақсатымен Павлодар облысы әкімі Д. Ахметовтың 1997 жылғы 14 шілдедегі №152 шешімімен дарынды балаларға арналған мамандандырылған ға арналған мамандандырылған мектеп ұйымдастырылды.

1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап №8 лицей негізінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптар ашылды: 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Оқушылар жалпы саны 112 бала болды. 1 сынып Л.В. Занковтың дамыту жүйесі бойынша, 5-10 сыныптар математикалық және гуманитарлық профильдегі топтарға бөлінуді көздеген жеке авторлық бағдарламалар бойынша оқытылды.

Мектептің кадрлік құрамы жаңа мұғалімдермен толтырылды: бастауыш сынып – Капацинэ О.В., Соловьева И.Ю., математика – Рубцова Т.И., Таженов Ш.А., Базаликова С.А., Кан Л.А., орыс тілі – Захарова Л.Г., ағылшын тілі – Якутович Ю.С., Нагорная Е.Д., тарих – Менькова О.И.

Жылдан жылға оқушылардың білім деңгейлеріне қойылатын талаптар күшеюде, әсіресе математика, физика, информатикадан. Лицейде дарынды балалармен жұмысының әр түрлі формалары қолданылады: зияткерлік конкурстар мен жарыстар, мектептік ғылыми қоғам, «Дарын» орталығының республикалық сырттай оқу мектебі, Сорос олимпиадасына, АЕТН, математика, физикадан Ашық аймақтық олимпиадаларына қатысу (ТУСУР, МФТИ және т.б).

Үш жыл қатарынан лицей негізінде өткізілген Сорос олимпиадасының сырттай турларында пәндер бойынша үздік нәтиже көрсеткен лицеисттер «Электрондық пошта» бағдарламасы бойынша «Сорос – Казахстан» Қорының грантын алу конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, лицей өзінің ақпараттық байланыстарын халықаралық деңгейге дейін шығарды. Олимпиадалық қозғалыстың географиялық картасында Қазақстан Республикасының Павлодар қаласы пайда болды.

35-ші облыстық пән олимпиадасының қорытындысында лицей командасы тоғыз пән бойынша 39 жүлделі орынға ие болды. Оқушылар

физикадан ерекше табысқа қол жеткізді: әр қатысушы жүлделі болды. Дарынды балалармен көп жылғы нәтижелі жұмысы үшін бағалы сыйлықтар лицей мұғалімдері Л.Н. Кафтункинаға, У.И. Дружининаға, Е.Б. Айтбаеваға, А.Н. Билидаға, Л.Н. Котенкоға табысталды

1998 жылы лицейдің әдістемелік кеңесі бес жылға арналған мектеп қызметінің одан әрі бағытын белгілейтін негізгі нормативтік құжаттары –Концепция мен даму Бағдарламасын – әзірлеуді бастады

1999 жылы мектептің әдістемелік кеңесінің шешімімен 8-9 сыныптарда математика оқытуда әр түрлі жастағы топтар құрылды (мұғалімі - Ганелин Д.Г.), бұнда 8, 9 сынып оқушыларының тек математика сабақтарында ғана бірге білім алуы жоспарланды. Математикалық талғамға дағдыландыру, әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу мақсатында бұл жұмыс түрі 5-7 сынып оқушыларының Кан Л.А., Т.И. Рубцовамен біріккен сыныптан тыс қызметінде де іске асырылды.

С мая 1998 жылғы мамыр айынан бастап лицей редакциясы орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Ф.А. Тарасулоның жетекшілігімен «Лицей жаңалықтары» газетін басып шығаруда (21 нөмір шықты). Балалар бұнда журналистикадағы күштерін сынап, өздерінің оқушылық қаламдарын ұштады. Газета II облыстық жас журналистер фестивалінің лауреаты аталды.

1999 жылы 4 сыныпта ағылшын тілін оза оқыту бағдарламасы әзірленіп енгізілді (мұғалімі - Якутович Ю.С.). Юлия Сергеевна Якутовичтің осы бағдарлама бойынша оқыған оқушылары ағылшын тілінен облыстық және республикалық олимпиадаларда 50-ден астам жүлделі орын жеңіп алды, Орта Азия және Закавказье елдерінің арасындағы конкурстарының, «Junior Achievement» бағдарламасы бойынша және «Flex» қазақстан-американдық конкурсының бірнеше рет жеңімпаздары, пән оқуда ерекше нәтижелері үшін 9 грамота иегері болды.

Радиоэлектроника және басқару жүйелері Томск мемлекеттік университетінің (ТУСУР) ректоры Пустынский И.Н. №8 лицей директоры В.П. Никитенкоға алғыс білдіріп, мектеп түлектерінің университеттің әр түрлі мамандықтары бойынша табысты білім алуға мүмкіндік беретін математика, физика, информатика және бағдарламалаудан жақсы білімдері туралы айтты.

«Жыл мектебі» қалалық конкурсында №8 лицей оқу-тәрбие үдерісінің сапасын қамтамасыз етуде ерекше еңбегі үшін танылды.

1999 жылы лицей «Жаңа типті мектеп» республикалық конкурсына қатысып, дипломмен марапатталды. Л.В. Рыжкова және В.К. Омарованың жетекшілігімен мектеп даму Бағдарламасы дайындалды.

Лицей педагогикалық ұжымы кәсіби және жалпы білім беру мектептер арасындағы облыстық конкурсының жеңімпазы аталды.

2000 жылы лицей негізінде VI Халықаралық Сорос дәлдік ғылымдар олимпиадасының сырттай туры өткізілді.

Облыстық білім беру департаментінің Комиссиясы лицей оқушыларының терең білімдері мен ерекше қабілеттерін бағалап өтті. Марапатталған оқушылар саны және қатысу сапасы бойынша (48%) №8 лицей-мектебі кезекті рет олимпиаданың абсолюттік жеңімпазы болды. 11

сынып оқушысы Жарый Сергей информатикадан абсолюттік нәтиже көрсетті – 400 мүмкін болған ұпайдың 400 – іне ие болды.

Физика мұғалімі Билида А.Н. Білім және ғылым министрі К. Кушербаевтың берген мемлекеттік наградасына байланысты үкімет тарапынан құттықтау телеграммасын алды.

2000 жылы Кан Л.А. «Математиканы 4 сыныпта оза тереңдетіп оқыту» еселі бағдарламасын әзірлеп, 2001 жылдан қабылдана бастады.

2001 жылы информатика мүғалімі Л.Н. Кафтункинаның «Информатика, 9 сынып» және «Информатика. 9 сыныпқа арналған дидактикалық материалдар» оқулықтары жарық көрді.

2002 жылы Рубцова Т.И. математиканы 4-9 сыныптарда тереңдетіп оқыту авторлық бағдарламасын құрды.

Информатика мүғалімі Л.Н. Кафтункинаның әдістемелік қоржыны жаңа авторлық оқулықтармен толтырылды: «Жалпы білім беру мектебінің 10-11 сыныптарына арналған информатика оқулығы», «9 сынып тың информатика мүғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулық». Любовь Николаевна - «Органикалық химиядан бағдарламалық кешен», «10-11 сыныптарда биология сабақтарын өткізу бағдарламалық кешені» (20 бағдарлама) электрондық оқулықтардың авторы. Любовь Николаевнаның оқулықтары республика мектептерінде қолданылады.

«Лицейский вестник-2002» бірінші әдеби альманах жарық көрді.

Лицейдің ең атақты тәрбиеленушісі Есенов Қуатты Президент Н.Назарбаев кездесу кезінде Қазақстанның «алтын баласы» деп атады. 2002 жылы Қуат Павлодар облысында алғашқы болып ғылым мен техника жетістіктері Әлемдік көрмесінің қола жүлдесін иеленді (АҚШ). 2003 жылы Есенов Қуат математикадан Халықаралық олимпиадасының (Токио, Япония) алтын медаль иегері болды. Президентпен кездесудегі сөзінде Қуат былай деді: «Халықаралық олимпиадалар мен жарыстардағы біздің жеңістеріміз – еңбегіміздің ұшқыны, еліміздің дамуына қосқан үлесіміз. Менің халықаралық олимпиададағы жеңісім жалғыз маған қызығушылық тудырмай, еліме де қызығушылық тудырғанын мақтаныш етемін. Менің алтын медальдерім – еліміздің әлемдегі ең жоғары білім беру стандарттарына сай болу мүмкіндігінің мойындалуы».

2003 жылғы 31 шілдеде облыс білім беру департаментінің басшысы Б.С. Кәрімжанов облыс әкімі К.А. Нұрпеисовке Есенов Қуатты, оның ата-анасын және мұғалімі Д.Г. Ганелинді таныстырды. Облыс әкімі оқушының ата-анасы мен мұғаліміне дарынды баланың тәрбиесі үшін алғысын білдіріп, оқушыға атаулы сыйлық сертификатын, ата-анасы мен мұғаліміне бағалы сыйлық табыстады.

2004 жылдан №8 лицей-мектебінің кәсіподақ комитетін Амирова Жибек Дюсентаевна басқаруда. Қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі Жибек Дюсентаевна жоғары кәсіптік құзыреттілігін көрсетті. БҒМ, «Павлодар облысының білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» АҚ, Павлодар қ. мәдениет бөлімінің грамоталарымен марапатталған, «Кәсіподақ ұйымының үздік төрағасы» номинациясында II қалалық конкурсының Бас жүлдесі мен алғыс хатын иеленген.

2004 жылы «Павлодар облысының географиясы, 8-9 сынып» оқулығы қайта басып шығарылып, бірлескен авторының бірі «Физикалық география» бөлімін жазған география мұғалімі Кравец Людмила Павловна болды. Оқулықты шығаруда жұмыс жасаған педагогтар ұжымы Мәскеу қ. аймақтық оқулықтар Халықаралық конкурсына қатысып, 140 авторлық ұжым арасынан екінші орынды жеңіп алды. 1994 жылы М.И. Чубтың редакциясымен география оқулығы жарияланып, 1995 жылы Г.А. Пантелееваның редакциясымен қайта басып шығарылды және қазақ тіліне аударылды.

2005 жылғы 1 қаңтарда №8 лицей-мектебі дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп дәрежесіне ие болды.

Информатика мүғалімі Л.Н. Кафтункина «Информатика (Паскаль). Жалпы білім беру мектептерінің 9 сыныптарына арналған», «Информатика» (базалық курс) оқулықтарын әзірледі.

2005 - 2008 жылдары лицейдің 9 оқушысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиат аталды: Ержанов Куандык, Жубаев Кайрат, Каирбеков Амирбек, Кажибаева Айнаш, Датбаев Жанибек, Курмантаева Индира, Курмантаева Рагина, Аубакирова Асем, Уразбаев Олжас.

2006 жылы №8 лицей-мектебінің оқушылары математика, физика, информатикадан ресейлік жазғы мектептерге белсенді қатысты.

2007 жылы 5-ші сыныптан химия пәнінен оза оқыту курсы енгізілді. Курстың басты идеясы – оқушылардың жасына сәйкестендірілген тірек білімдер базалық кешенін құру. Курс авторлары – Молокова И.Н., Колдашева О.В. Химия пәнінен оза оқыту курсының тиімділігі облыстық, республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының, «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жоғары көрсеткіштерімен дәлелденеді. Солардың арасында Смагулов Жанболат, «Химия» номинациясында XVI Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының (Саха Республикасы, Якутия) күміс жүлдегері.

2007 жылы математика мұғалімі Рубцова Т.И. облыстық және республикалық оқуларда өзінің «Математиканы тереңдетіп оқыту сыныптарда дарынды балалармен жұмыс жүйесі» тақырыбындағы жұмысымен таныстырды. 2008 жылы Т.И. Рубцованың бағдарламасы «Ертiс дарыны» аймақтық орталығының «ЕД Хабаршысында» жарияланды.

2008 жылы 11 «О» сынып оқушылары 4-6 сынып оқушылары арасында В.П.Никитенконың құрметіне арналған Зияткерлік олимпиадасын өткізуді ұсынды. Бірінші олимпиада 2008 жылғы 30 сәуірде өткізілді. Қатысушылар саны 5-6 сыныптардан 160 оқушыны құрады, соның ішінде №34, 39 орта мектептерінің. Олимпиадалық тапсырмаларды №8 лицей-мектебінің мұғалімдері Ильина Александра Евгеньевнаның жетекшілігімен әзірледі. Жұмыстардың сараптама және тексеруін 9-11 сынып оқушылары Дремов Станислав, Нажмиденова Ажар, Бекк Вадим, Шкляр Евгений өткізді.

Лицейдің логотипі әзірленді.

2008 жылы «Павлодар облысының білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» АҚ «Үздік ұжымдық келісім» номинациясында №8 лицей-мектебінің ұжымын жеңімпаз атады.

2008 жылы Каймульденов Жанибек математикадан ХІІ Балкан жасөспірімдер олимпиадасының (Влора, Албания) күміс жүлдегері атанды.

2009 жылы лицеисттер республикалық наградалар қоржынын 23 медальмен толтырып, рекордтық көрсеткіштерге ие болды. 7 медальді Клочков Егор жеңіп алды (мұғалімі - Рубцова Т.И.).

Өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу саласындағы көрсеткіштері үшін №8 лицей-мектебінің педагогикалық ұжымына «Үздік инновациялық мектеп – 2009» атағы берілді.

2009 жылдан бастап, 5 жыл бойы, лицей облыстық пән олимпиадасындағы жоғары көрсеткіштерінің нәтижесінде «Үздік олимпиадалық команда» атағын дәлелдеуде.

2009 жылы «Технологии в образовании» журналында химия мұғалімі И.Н. Молокованың «Ақпараттық технологияларды қолданумен 5-7 сыныптарға арналған авторлық бағдарламаның жобасы» жарияланды.

2009 жылдан олимпиадалық қозғалыстың эстафетасын Билида Анатолий Николаевичтің оқушысы Бараисов Жаслан қабылдады. Оның жеңістер тізімі мынадай: Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола (2009), күміс жүлдегері (2010) және жеңімпазы (2011); ІІІ Президенттік олимпиадасының 2010 ж. жеңімпазы; ХІ Азия олимпиадасының (Тайпей, Тайвань, 2010 ж.), ХІІ Азия олимпиадасының. (Тель-Авив, Израиль, 2011 ж.) қатысушысы; физикадан IPHO-2010 Халықаралық олимпиадасының (Загреб, Хорватия) күміс жүлдегері; IPHO-2011 Халықаралық олимпиадасының (Бангкок, Тайланд) жеңімпазы. Жаслан – «Ертіс дарыны» орталығының 2010 ж. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинация иегері, әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің грант иегері, Назарбаев Университетіне емтихан тапсырған, Сингапурдың Ұлттық және Наньянг Технологиялық университеттеріне шақырылған. Жаслан есімі «Қазақстан үміттері – 2009, 2011» және «Дарынды балалар – Қазақстан болашағы» энциклопедияларына екі рет жазылған.

2009 жылдан лицейдің 2-4 сынып оқушылары алғаш рет бастауыш сынып оқушыларының Алматы қ. «Бастау» республикалық математикалық турниріне қатысып, екі жыл қатарынан жоғары лигада 3 орынға ие болса, 2011 жылы бірінші орынды иеленді. Үш жыл бойы жеңімпаз бен жүлдегер атағы Максименко Александрда. Балаларды бұл беделді сайысқа дайындап жүрген мұғалімдердің еңбегі зор, олар: Кан Л.А., Рубцова Т.И., Шафоренко Л.П., Соловьева И.Ю.

2010 жылы №8 лицей-мектебінің оқушысы Каймульденов Жанибек ХХІІ Азия-Тынықмұхит математикалық олимпиадасының, ІІІ Президенттік олимпиадасының күміс жүлдегері, Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының (Саха Республикасы, Якутия), Батыс-Қытай математикалық олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 2011 жылы Жанибек VII Қысқы Азия ойындарында құрметті факел ұстаушы болды. Оның есімі «Қазақстан үміттері – 2011» және «Дарынды балалар – Қазақстан болашағы» энциклопедияларына жазылған.

2011 жылы лицей кезекті рет Павлодар облысының үздік олимпиадалық командасы атанды.

2010-2011 жылдары Кан Лариса Алексеевнаның оқушылары Дробах Андрей мен Жакупов Кайрулла, лицей қоржынын жаңа медальдермен толтырды. Дробах А. 2010 ж. Батыс-Қытай математикалық олимпиадасының күміс, Жакупов К. – қола жүлдегері атанды. Екеуі де Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медальдерін иеленді. Дробах А. – «Жібек жолы» Халықаралық математика олимпиадасының жеңімпазы. Халықаралық Балкан (Бухарест, Румыния) және Әлемдік математика олимпиадаларында (Амстердам, Голландия) Жакупов К. – күміс, Дробах А. – қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістіктер – математика мұғалімі Л.А. Канның еңбегі.

2011 жылы Кан Л.А. математика мұғалімдерінің І съезінде «Математиканы 4-11 сыныптарда оза тереңдетіп оқыту» тақырыптағы жұмыс тіжірибесімен бөлісті. Кан Л.А. авторлық бағдарламасын оқу үдерісіне енгізу нәтижесі: оқушыларының 2004 жылдан бастап әр түрлі деңгейде олимпиадалардағы жоғары жетістіктері. II Республикалық инновациялық қызметі бойынша конференцияда мұғалім бағдарламасы үздік деп танылып ІІ дәрежелі дипломмен мрапатталды. «Оза оқыту – дарынды оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту құралы» атты жұмысы «Дарын» РҒПО журналында 2005, 2010 жж. жарияланды.

2011 жылдан бастап «Ертiс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларды анықтау мақсатында «Жауқазын» олимпиадасын өткізуде. Лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Шафоренко Л.П., Соловьева И.Ю. шығармашылық топ құрамында олимпиада тапсырмаларын әзірлеп, қазылар алқасы жұмысына қатысады.

2012 жылы №8 лицей-мектебі Қ. Сәтбаев ат. І Халықаралық олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін ІІ дәрежелі дипломын иеленді.

2012-2013 жылдары лицейшілер ғылымға әуес мұғалімдерімен (Ганелин Д.Г., Молокова И.Н.. Васина С.Г., Сысенко О.Н., Зуйкова Г.В., Комендантова Т.И., Абаильденова Н.К.) достастықта 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар республикалық конкурсында жоғары жетістіктерге ие болды: Баронча Георгий - 2 орын, Соловьева Александра – 3 орын, Амиров Алихан - Құрмет грамота.

2009-2014 жылдары лицейдің 44 оқушысы 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар республикалық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегері атанды. Республикалық деңгейде 12 бала табысты болды.

2012 жылы облыстық тамыз конференциясында лицейдің педагогикалық ұжымына «Павлодар облысының үздік орта білім беру ұйымы» сертификаты мен материалдық-техникалық базаны жақсарту грантының берілуі 22-жылдық нәтижелі жұмыстың кезекті дәлелі болды. Сонымен қатар, Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін үздік мұғалімдерге сыйлық ретінде автокөлік табысталды. Бұндай сыйға лицейдің бес педагогы ие болды: Рубцова Т.И. (2009 ж.), Ганелин Д.Г. (2010 ж.), Кан Л.А. (2012 ж.), Билида А.Н. (2011 ж.), Кафтункина Л.Н. (2012 ж.).

2012-2013 жылдары А.Н. Билиданың оқушысы Сенюшкин Иван үш алтын медаль жеңіп алды: V Президенттік, IX Халықаралық Жәутіков және

физика пәнінен 43-ші Халықаралық олимпиадасында (Таллин, Эстония). 2012 ж. 1 желтоқсанда Сенюшкин Иван «Ақордаға» Қазақстан Республикасының Президентімен кездесуге шақырылды. Кездесуде Н. Назарбаев жас қазақстандықтарға құттықтау сөзін жолдады. Президентпен сұхбатта оқушы Елбасының Назарбаев университетіндегі инновациялар және индустриалдық дамудың маңызы туралы баяндамасының есте қалғанын айтып, келешекте де биіктен көрінуге уәде берді: «Физикада Ньютон, Фарадей, Эйнштейн заңдары бар. Ал мен үшін басты заң – Сіздің қазақстандық жастарға оқуды, еңбектенуді, жеңуді тілегеніңіз».

2013 жылы 2-4 сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» республикалық математикалық турнирінде Бас жүлде иеленді.

2013, 2014 жылдары №8 лицей-мектебіне Қ. Сәтбаев ат. ІІ және ІІІ Халықаралық олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат берілді.

2014 жылы 2-4 сынып оқушылары алғаш рет бастауыш сынып оқушыларының облыстық математикалық турниріне қатысып, 1-ші және 3-ші орындарға ие болды (мұғалімдері Шафоренко Л.П., Соловьева И.Ю., Рубцова Т.И., Сысенко О.Н., Бурлак Л.В.).

2012, 2013 жылдары Ерманов Данат (мұғалімі - Кафтункина Л.Н.) информатикадан V Еуразиялық, республикалық және ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадаларында 3 орынды иеленді. 2014 жылы да Данат жігерлігі мен мақсаттылығының арқасында кезекті жеңістерге қол жеткізді: информатикадан облыстық пән, «Информационные технологии» (Томск қ.) атты оқушылардың ашық, информатика мен бағдарламалаудан жеке (Новосібір қ.), Х Халықаралық Жәутіков олимпиадаларында.

2014 жылғы республикалық олимпиадасында №8 лицей-мектебі оқушыларының құрамасы үздік олимпиадалық командасы атанды: бірінші орын – 2 (ағылшын, орыс тілі), екінші орын – 2 (физика), үшінші орын – 2 (математика, физика), Құрмет грамотасы – 4. Бұл балаларды дайындаған Якутович Ю.С., Сербина З.А., Билида А.Н., Кан Л.А., Кафтункина Л.Н., Васина С.Г., Васильева Т.В. сияқты мұғалімдердің еңбегі.

2009-2014 жылдары алты Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде лицейдің 12 оқушысы жеңімпаз бен жүлдегер болды, республикалық кезеңде – 8.

1991-1992 – 2012-2013 оқу жылдары лицейді 1343 оқушы аяқтады, оның 735 – Қазақстанда, 563 – ТМД, 45 – шетелде білім алуда.

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі қызметінің негізі құрайтын «2011-2020 жылдарғы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы», Концепция, даму бағдарламасы сияқты мектепшілік нормативтік құжаттар мен көптеген ғылыми-әдістемелік жобалар