Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8(7182)53-47-14

Пайдалы ақпарат

Іздеу

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

Эссе: Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым

Жұмыстың атауы: Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым

 

Автор туралы мәлімет:

Автор: Забелина Анастасия, 17 жас

Оқу орны:  Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған  №8 лицей-мектебі»

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Телефон: 87476596100

 

                   Менің есімім – Анастасия. Мен 11-сыныпта оқимын. Өз өмір жолымды өзім таңдағым келеді. Бұл жөнінде отбасымыммен толық түсіністікке келдік. Әр адам келешек мамандығын, өзіне сүйікті жар таңдау жолын өзі таңдағаны дұрыс. Өмірде ата-аналар балаларына мектеп бітірген соң, қай оқуға баратынын көрсетіп жатады. Жасынан жүрек қалауы ол оқу болмағандықтан, көптеген жастар оқуды тастап кетеді. Өз өміріме үлгі боларлық адамдардың өмірі туралы мәліметтерді кітап беттерінен, көркем шығармалардан іздеймін. Сол себепті болар, көркем шығармаларды қызыға оқимын. Маған ұлы адамдардың өмір жолдары қызығушылық тудырады.

                   Әлі есімде, атақты актердің айтқаны: - Менің отбасым әртіс, әнші, өнер адамдарын ұнатпайтын. Мені жас кезімнен «сен дәрігер боласың» дегенді көп айтатын. Бала кезімізден ата-анаға қарсы шықпай, тәртіпті болдық. Сол мектеп бітірер кезде де, мен үшін ата-анам «Сен дәрігердің оқуына барасың», - деп кесіп айтты. Сол жазда медициналық институттың студенті де болдым. Ішімнен қаламасам да оқып жүріп, ақыры ІІІ-курстан біржола кетіп қалдым. Тура Мәскеуден бір шықтым. Бағым жанып, өнер институтына қабылдандым. Содан ата-анамның қалай ренжігенін көрсеңдер ғой!...Енді міне, өз қалауыммен сол кезде шешім қабылдағаныма өзім ризамын. Кино өнеріне сіңген еңбегімді бағалап, халық қалаулысы болдым. Мен ойлаймын, осы кезде менен қандай дәрігер шығар еді? – деп айтқандары маған ерекше күш-қуат бергендей. Міне, сондай өмір белестерін оқығанда, әр адам өз қалауының , өз шешімінің иесі болуы керек екендігіне көзім жетеді!

                Тағы бір өмірден мысалдар алайықшы. Мектептегі ұстаздарды қарасақ...

                 Еңбек өтілі қырық жылдан астам еңбек етіп жүрген ұстаздарды қараңыздаршы. Олар мектептің жүрегі сияқты. Өздерінің ұстаздық мамандығына өте риза. Олар «қиын оқушылардың» да ортақ тілін тауып, ата-аналарға да бағыт-бағдар беруден шаршамайды. Нағыз ұстаз деп соларды айт! Қандай төзім, қандай еңбек десеңші! Сол сияқты, жас ұстаздар да жұмысқа келіп, 2-3 жылға шыдамай, басқа жұмысқа кетіп жататыны рас қой. Әрине, өз мамандығын шын жүрегімен сүймегендіктен, әрі қарай қандай нәтижелі еңбек болады?! Қазақ халқының классик ақыны Абай Құнанбайұлы былай айтқан: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігің тап та, бар қалаң». Осы өлеңді талдағанда, ұстазымыз бізге «Өмірде өз орныңды табуың үшін, ең алдымен жүрек қалауын дұрыс қателеспей таңдау керек!» – деп айтқан болатын.

                 Қазіргі таңда, мен мектеп бітіруші жас түлек ретінде келешекте химия және жаратылыстану пәндеріне қатысты мамандықты таңдаймын. Жүрек қалауым бойынша армандарым орындалса, менен бақытты адам болмас еді! Мектепте химия пәні мен үшін  өте қызық, әрі оны оқытатын ұстазымыз өте керемет жан. Маған бұл пәннің ұнайтындығын, келешекте осы ғылым саласында жоғарғы білім алғым келетіндігі туралы 8 сыныпта түсіндім.

                 Қабылданған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым. Барлық күш-жігерімді осы өзім қалаған мамандығыма арнасам, мен өмірде өз орнымды табамын деп ойлаймын. Кез келген еңбек ардагерлеріне қарасақ, барлық өмірін өзінің қалаған еңбегіне арнаған. Тіпті, зейнеткер болса да, өз еңбектерін жалғастыруда. Мұның сыры неде екен? Жүрек қалауымен сүйіп таңдаған шешімдер ғана адамды бақытты етеді. Бақытын еңбектен тапқан адамдар ғана әрбір жұмыс күнін мерекедегідей өткізеді. Олар сол еңбектерінен қанаттанады, шаршамайды, үнемі ізденіс үстінде болады.  Себебі, жүректен шықпаған шешім -  жүрекке жетпейді. Дұрыс қабылданған шешім – адамды еңбекте шынықтырады. Түрлі өмірде кездесетін кейбір қиындықтар оларды шыңдайды. Мен осы заманғы жастардың өз қалауымен мамандық таңдамай, адам өміріне, тағдырына жауапты жұмыс істегендерден қатты қорқамын. Өз ісінің маманы еместерді көз алдарыңа елестетіңіздерші?! Дәрігер, заңгер, құрылысшы, ұстаздар – олардың немқұрайлы шешімдері қоғам үшін қауіпті емес пе?!

                 Дәрігер қателессе не болады? Заң қызметкерлерінің қателері – адамның тағдыры емес пе? Құрылысшының салған үйлері не болар еді? Ал өз мамандығын дұрыс таңдамаған ұстаз туралы айтсақ... Жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дұрыс жол таңдауының бағыт-бағдар берушісі, біліммен сусындатушысы – осы ұстаз емес пе?...

                 «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» - деген ұлағатты сөз бар. Жас жеткіншектердің білім алуы, тәрбие алуы, парасатты болуының кілті – ұстазда ғой!

                 Менің ұстаздарым менің таңдаған шешімдеріме бағыт беруде. Таңдаған мамандығымның түрлі қырлары мен сырлары туралы айтып, жол көрсетуде.

                 Менің қабылдаған шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым екенін мақтан етемін. Ата-анам маған сеніп, менің қабылдаған шешімдеріме қолдау көрсетіп отырса, маған одан артық бақыт жоқ!