Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8(7182)53-47-14

Пайдалы ақпарат

Іздеу

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында 3 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі, ата-аналар мен әлеуметтік педагог бірнеше ардагерді құттықтау ауқымды шарасын ұйымдастырды. Солардың бірі – Говалло Алексей Александрович 1942 жылы автомобильдік батальонға жіберілген. Әскери ЗиЛ-де, одан кейін ГАЗ-да майдан шебіне ату жарақтары мен азық-түлік, қайтар жолында жаралыларды тасымалдады. Алексей Александрович Сталинград шайқасының қайнаған ортасынан өтіп, бір де жараланбай, көптеген марапатты иеленіп, жеңісті немістің Дрезденінде қарсы алды. Соғыстан бұрын Харьковте әскерде қызмет еткен, соғыстан кейін Красноярсктегі ҰОС ардагерлеріне арналған жылдамдатылған курстарында үш жыл оқып, инженер дипломымен Қиыр Шығыстағы ағаш дайындау учаскесіне жіберілген. Сондай-ақ оқушылар Верховцев Егор Кириллович пен Горбунов Михаил Ивановичті құттықтады.

Бұдан соң 3 «А» сынып оқушылары «Бессмертный полк» акциясына қатысу дәстүрін жалғастырып, 9 Мамыр күні ата-аналар және сынып жетекшісі Ланг Татьяна Фридолиновнамен бірге өздерінің ата-әжелерінің суреттерімен Жеңіс парадына шықты.

Біздің есімізде, біз мақтан етеміз!
20.05.2019 14:51:07 Толығырақ

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Гребенщиков Владимир Андреевичті құттықтап, азық-түлік қоржыны мен өлең сыйлады.

Ардагердің туыстары лицеистерге көңіл бөлгені үшін ризашылық пен алғыстарын білдіріп, оқуда табыс тіледі!

Бұдан соң балалар Жеңіс саябағына барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Біздің есімізде, біз мақтан етеміз!
20.05.2019 14:48:04 Толығырақ

Демалыс күні, 6 сәуірде 6 «Г», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г» сынып оқушылары ата-аналарымен, сынып жетекшілері және лицейдің әлеуметтік педагогы «Қазақстан – мейірімділік аумағы» жобасының аясында ауқымды акция өткізді. «Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» мемлекеттік мекемесінде сенбілік үйымдастырып, ғимарат аумағын жинап, балалар алаңын тазалады. Ал 7 «В» сынып оқушыларының ата-аналары жөргек сатып алып, бөбектерге сыйлық ретінде табыстады.

Сәбилер үйіндегі сенбілік
20.05.2019 14:45:02 Толығырақ

Мектеп оқушылары «Самал» оңалту орталыгында 2019 жылғы 27 ақпанда «Радуга добра» атты кездесу ұйымдастырды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға музыкалық жетекші И.Ю. Кошкарбаеваның 6 «Б», 4 «Г», 3 «Б» сынып оқушыларымен бірлесе әзірлеген концерттік бағдарламасы, ата-аналардың дайындаған шығармашылық пен дамуға арналған құбылмалы түсті кеңсе құралдары орталық тәрбиеленушілерін ерекше қуантты.

Бұл шараның негізгі мақсаты: балаларда рақымдылық, ниеттестік сезімін, адал ниет пен ақ пейл тәрбиелеу; маңындағы адамдарға тілектестік қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу; эмоциялық жай ахуалын құру; қатысымдық функцияны дамыту.

Мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары орталық тәрбиеленушілеріне үнемі қонаққа келіп тұруға уәде берді.

Мейірімділік шуағы
20.05.2019 14:12:28 Толығырақ

«Қазақстан – мейірімділік аумағы» жобасы мен «Еріктілік - өмір салты» лицей бағдарламасын іске асыру аясында «Бірігу» атты қайырымдылық акциясының көктемгі кезеңі басталды.

7 «А» сынып оқушылары ата-аналармен бірге 14 сәуірде Кенжекөл ауылындағы отбасылық типтегі балалар үйінде жеміс бағын отырғызуды ұйымдастырды. Бұл іске интернат тәрбиеленушілері де ерекше сүйсініп қатысты: бірі шұңқыр қазып, бірі ағаштарды суарып, сөйтіп, әр қайсысы үйлерінің аумағында жайлылық орнатуға өз үлесін қосты.

Жеміс бағын отырғызу – көгалдандыру, жаңару кезінің, үміт пен талпыныстың жаңғыру нышаны болып, мұқтаждыларға қамқорлық көрсетуге мүмкіндік туғызды.

Ынтымақты жұмыс нәтижесінде балалар үйінің аумағында табиғатқа мейірімділікпен қарауды тәрбиелейтін, орындалған армандардың куәсі болатын жас жеміс бағы өсуде!

Жеміс бағы – сыйлыққа
20.05.2019 14:14:32 Толығырақ