Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8(7182)53-47-14

Пайдалы ақпарат

Іздеу

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұражайлар және кітапханамен ынтымақтастығы

Ұлы оқиғалар мен ұлы адамдардың іздері қалған Павлодар облысының қазынасы мол мәдени-тарихи мұражай кеңістігі оқушылармен білім беру және тәрбие жұмысын өткізуде сақталған тарихи материалды пайдалануға зор мүмкіндік береді.

Өскелең ұрпақ өмірінде туған мектепке, туған жерге деген сүйіспеншілік қоршаған орта мен өзі үшін жасампаз күшке айналғаны аса маңызды. Жасампаз адам ішкі дүниесі мен айналадағы өмірді жетілдіретін нақты іс-әрекеттерге қабілетті болғаны дұрыс.

Дұрыс тәрбиелік ықпал беру жолында өңіріміздің, жалпы еліміздің дамуына зор үлес қосқан айқын адамдардың жақсы үлгісін пайдалануды жөн көріп, көркемөнер, Бұқар жырау атындағы мұражайлармен, облыс кітапханасымен мұражайлық және кітапханалық педагогикаға негізделген ынтымақтастықты құрдық.

Мұражайлар мен кітапханалар игі тәрбиелік және білім беру ортасы болып саналады.

Біздің лицей-мектеп 2016–2017 оқу жылы Бұқар жырау ат. әдебиет пен өнер мұражайымен және С.Торайғыров ат. облыс әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп, келесі шаралар өткізді:

- «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» әдеби-музыкалық кеші;

- «Өз тарихыңды, өңіріңді сүй, зертте» атты мәнерлеп оқу конкурсы;

- «Тұңғыш Президент өмірінің кезеңдері» мұражай сабағы;

- «Наурыз мейрамы!» әдеби-музыкалық композициясы;

- «Ерлігі мәңгілік есте сақталады» атты Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің құрметіне арналған әдеби кеш;

- «Кітап әлеміне саяхат» квест-экскурсия;

- «ЭКСПО–2017: алға басу және адамзат» ақпараттық сағат;

- «Ұлы Жеңіске арналады» - Э.Д. Соколкинмен кездесу кеші, өлкетану сабағы;

- «Балалар құқығы» құқықтық лекторий;

- «Жүректен тулап шықты өлең» шығармашылық кеші;

- «Қасірет құрбандарына мәңгілік тағзым» - саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына арналған кітап көрмесі.

2017–2018 оқу жылы мұражай және кітапханамен ынтымақтастық аясында өткізілген шаралар:

- «Отбасы – бақыт мекені» атты кітапханалық экскурсия сабағы;

- өлкетанудан кітапханалық сабақ;

- «Мәскеу мен Ленинград суретшілері» көрмесіне бару;

- «Алаш қозғалысының ақындары» Бұқар жырау ат. мұражаймен бірлесіп өткізген мәнерлеп оқу конкурсы;

- «Жеткіншек» - юристпен кездесу кітапханалық құқық сабағы;

- «Шабыт. Әйел бейнесі қазақстандық суретшілердің шығармаларында» атты көрмесін тамашалау;

- павлодарлық суретші А. Балиннің көрмесіне бару;

- «Күшіміз – рухани бірлікте» атты кітапханадағы сабақ;

- «Әйгілі жерлестеріміз. М.-Ж. Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыпта Бұқар жырау ат. мұражайдағы лекция;

- «Әйгілі жерлестеріміз. Д. Багаев» Д. Багаев мұражайында сабақ;

- облыс кітапханадағы құқықтық лекторий;

- «Д.Приймак – жазушы, ақын, өлкетанушы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері» облыс кітапханадағы Ертіс өңірінің әдеби картасы.

Сонымен қатар, Бұқар жырау ат. мұражаймен бірлескен «Жас экскурсовод мектебі» жобасы әзірленуде.

 

Директор орынбасары Берликова Е.А.