Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8(7182)53-47-14

Пайдалы ақпарат

Іздеу

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебіндегі «Сенім 111» бүкілқазақстандық сабағы

«Казахстан, дружественный к ребенку!» атты халықаралық конференция аясында өмірдегі қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау, балалар мен жеткіншек арасында стресс, тартыстық, суицид жағдайларында телефонға экстремалдық көмек ретінде сенім деңгейін арттыру мақсатында жүргізілетін ақпарат кампаниясы туралы Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі өкілінің үндеуіне сәйкес 2017 жылғы 24 қарашада «Сенім 111» бүкілқазақстандық сабақтары өткізілді.

Аталмыш сабаққа лицейіміздің 2-11 сыныптары қатысты.

Өрттен мүлкімізді сақтау үшін өртсөндірушілерге сеніп, "101" нөміріне, денеміз ауырса, "103" нөміріне қоңырау соғамыз. Ал жаның ашыса, кімге сенім арта аласың?

«Сенім 111» бүкілқазақстандық сабағында оқушылар сенім телефонының тарихымен танысты: 2017 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры Өкілеттігінің қолдауымен, бала құқықтары жөніндегі өкілінің бастамасымен Қазақстанда өмірдегі қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға Шұғыл қызмет құрылып, 111 бірыңғай сенім телефоны енгізілді.

Кез келген телефоннан, кез келген елді мекеннен осы нөмірге қоңырау соғып, жасөспірімдер жедел білікті сабағаттық, психологиялық және құқықтық жәрдем алады. Cенім телефоны балалар мен жасөспірімдердің ауыр эмоциялық мәселерін шешуге және құқықтарын қорғауға бағытталған. Көмек сұрағандар атын құпияда сақтауы мүмкін, әңгіме жөнінде тек жүгінуші мен кеңес беруші біледі. Көмек күн сайын, тәулік бойы және үнемі тегін көрсетіледі. Бұл нөмірді есте сақтау қажет. Ең бастысы – қоңырау соғуға қорықпаған 1 млн 743 мың 471-ге жуық жасөспірім секілді қоңырау соғуға қорықпау керек.

Аталмыш сабақтың мақсаты – балаларды сенім телефоны қалай жұмыс жасайтынымен, что означает «анонимно», кенес берушілер қандай жағдайда және қалай көмек көрсете алатынымен таныстыру.

Мысалы, сенім телефонына жүгінуге болады, егер:

- отбасылық қарым-қатынастарда қиындық туындаса;

- досыңмен келіспей не болмаса ажырасып қалғанда;

- мектептегі проблемаларыңды айтқың келсе;

- қорқынышты болсаң;

- жалғыздықты сезінсең;

- қиын жағдайда не істеріңді білмегенде.

Лицейдегі сабақтарда мұғалімдер қолданған презентация, әлеуметтік роликтер қиын жағдайда тыңдап алып, мәселеге басқа жақтан қарауға, орын алған жағдайдан жол тауып шығуға көмектесетін адамның керектігін үлгі етіп көрсетті.

«Сен жалғыз емессің!» ұранмен жүргізілген ақпараттық кампаниясы аясында келесі шаралар өткізілді:

- ҚР бала құқықтары жөніндегі өкілінің логотипі, ол туралы ақпарат, офисінің электрондық мекенжайы, 111 сенім телефонының логотипі мен танымал адамдардың фотосуреттері орналасқан "Сенім 111" атты ақпараттық стенд жасалды;

- «Балалар сенім телефоны деген не?», «Біз сенім телефонын білеміз», «Менің өмірімде жақсы да, қиында жағдайлар болады», «Сені естіген қандай қажет», "Сенім телефонына «Ия!» де", «Психологиялық қызмет»,

«Сен нені ойлап, үндемейсің» тақырыптарда сынып сағаттары мен пікірсайыстар өткізілді;

- Ұлттық сенім телефоны жұмыс істейтіні туралы байланыс деректері бар «Мені қорға!» атты үгіт жаднамалар әзірленді;

- «Менің өмірімде жақсы да, қиында жағдайлар болады» тренинг-сабағы өткізілді;

- ата-аналар жиналысына «Ата-аналар сенімі - балаларға көмек» тақырыпта материал дайындалды.

Сынып жетекшілері оқушыларға 17 мамыр - Халықаралық балалар сенім телефонының күні екенін әңгімеледі.

Оқушылар «өзіңді жаман сезінсең, осы нөмірге телефон соқ», «өз проблемаңмен басқа адаммен бөліс», «көмек деген не» және т. б. пайдалы мәлімет алды.

Аталмыш сабақтарда жүргізілген сауалнама қорытындысында 40%-нан астам оқушы сенім телефоны туралы сабаққа дейін де білгендері белгілі болды. Барлық оқушылар "Егер саған күндердің күнінде көмек не кеңес қажет болғанда, сенім телефонына жүгінесің бе?" сұрағына оң жауап беріп, достарына, ата-аналарына, туысқандарына сенім телефоны туралы міндетті түрде мәлімет беретінін айтты.

Бүкілқазақстандық сабақтарында сынып жетекшілері оқушыларға лицейде де сенім телефоны мен поштасының барын еске салды. Бұнда да кеңес алып, туындаған күрделі жағдайды шешуге мүмкіндік бар.

Кампания 830 оқушы және 33 педагогты (сынып жетекшілерді) қамтумен өтті. «Сенім 111» бүкілқазақстандық сабағын өткізу туралы ақпарат мектеп сайтында орналастырылды.

 

Директор орынбасары Берликова Е.А.