Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8(7182)53-47-14

Пайдалы ақпарат

Іздеу

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

 

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілген бірыңғай сабақ туралы ақпарат

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында 2017 жылғы 29 қарашада №8 лицей-мектебінде «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты жоғарғы сыныптардың (9-11) оқушыларына арналған бірыңғай сабақ өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Қазақстан саясатының ең маңызды стратегиялық басымдығы. Президентіміз айтқандай: «Сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, экономикалық дамуын тежейді және мемлекеттің халықаралық беделіне теріс ықпал етеді, оған қарсы іс-қимыл – жалпы ұлттық міндет».

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту» атты 13 қадамын іске асыру аясында

«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның айқын сипаты – жемқорлықтың алдын алу нақты механизмдерін еңгізу үдерісіне қоғамның барлығын қатыстыру. Бүгінгі күні жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселесі шиеленіскен.

Біздің лицейдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру моделі «заң», «әділдік», «тең құқықтық» ұғымдар негізінде құрылып, нысаналы оқу-тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру үдерісі болып табылады.

Жаңа білім беру стандарттары тұлғалық, ақпараттық, дербес, пәндік-танымдық және азаматық-құқықтық негізгі құзыреттерді қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан біздің модельде оқушыларда негізгі құзыреттердің қалыптасуы арқылы заманауи қоғамда әлеуметтенуге көмектесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру да қарастырылған.

Біасты мақсатымыз: лицейде аса өнегелі, жауапты, бастамашы және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау.