ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №8 для одаренных детей города Павлодар
г. Павлодар, ул. Ленина, 12
8 (7182) 53-47-14

Пайдалы ақпарат

Телефон доверия
8-771-425-52-33

Медицинский сотрудник (служба)
8-705-268-30-17

Instagram лицея
@lyceum.8 Уполномоченный по правам ребенка РК
телефон - 111, сайт Численность обучающихся в лицее
902

Расписание
Партнерам

Партнерам

Жаналықтар

2018 жылғы 19 сәуірде Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі» мемлекеттік мекемесінде үгіт бригадаларының іс-шарасы өткізіледі.

Бұл іс-шара лицейде алғаш рет дәстүрлі экологиялық марафон шеңберінде өткізгелі отыр. Биылғы оқу жылы біз лицейшілердің экологиялық тәрбиелеу бағдарламасын әзірлеген болатынбыз. Мұндағы жұмыстың негізгі мақсаты - оқушылардың біртұтас экологиялық дүниетанымын және білім беру кеңістігін экологияландыру арқылы табиғатқа қатысты этикалық, рухани құндылықтарын қалыптастыру. Жалпы айтқанда, білім беру кеңістігін экологияландыру сырттай бақылаушы ұстанымынан тікелей қатысушы ұстанымына ауысу дегенді білдіреді. Осы бағыттағы жұмыстан күтілетін нәтижелер қатарында келесілерді атап өтуге болады: экологиялық ортаға деген эмоционалды-құндылықты қатынас, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласына қатысты қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан көзқарасын және салт-дәстүрлерін жете түсінушілік. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты болды, олар өздерін табиғаттың бір бөлшегі ретінде есептеп, байлығын көзінің қарашығындай сақтады. Бұл дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қазақ халқының экологиялық сауаттылығы бұрыннан қалыптасқандығын көрсетіп отыр. Бұдан келесідей қорытынды жасауға болады: қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің бір ерекшелігі табиғатқа деген үлкен сүйіспеншілік. Осыған орай, біз мәдени мұраны, ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін жаңғырта отырып, заманауи ұрпақты мұраға берілген экологиялық мәдениетті сақтауға және қорғауға шақырамыз.

Үгіт бригадалардың іс-шарасына 3,4,5,6-сынып командалары (100-ден аса адам) қатысады. Біздің ата-аналар қауымы бұл кең ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға көмектеседі.

Іс-шара «Жер тағдыры – біздің қолымызда!» ұранымен өтеді.

Негізгі мақсаты: Қазақстанның мәдени-тарихи, патриоттық дәстүрлері негізінде білім алушыларды үйлесімді рухани дамыту, бойларында адамгершілік пен азаматтылықтың негізгі принциптерін қалыптастыру; өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық-эстетикалық мәдениетін дамыту. Іс-шара міндеттері – табиғатты аялауға тәрбиелеу және оған деген сүйіспеншілікті ояту; оқушыларды экологиялық ағартудың дәстүрлі емес түрлерін тарату; экологиялық-эстетикалық тәрбие бойынша балалар шығармашылық ұжымдарының қызметін жандандыру және жетілдіру. Іс-шара бағдарламасы: әрбір сынып 7 адамнан аспайтын үгіт бригадасын құрады және белгілі бір тақырып бойынша баяндама дайындайды. Баяндама іс-шара ережесінің талаптарына сәйкес және үгіт бригадасы жанрында – нақты үгіт мазмұнында жазылуы тиіс.

Ұжымдар өз көрсетілімдерінде түрлі театрландырылған жанрларды пайдаланады: куплеттер, сахна қойылымдары, скетчтер, декламация, би, пантомима, сатирикалық куплеттер, өлең түріндегі монолог. Сонда-ақ көрсетілім бағдарламасына фольклорлық материал, ертегі сарындары, жаңылтпаштар, частушки; слайдтар, фонограммалар енгізілді.

Оқушыларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу – өмір мен заман талабы: адамның болашақтағы тіршілігі үшін қазіргі ұрпақ экологиялық құндылықтарды меңгеріп, сәйкесінше қоршаған әлемге деген қатынасты қалыптастырған жөн. Өсіп келе жатқан ұрпаққа экологиялық білім беру -  қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазіргі заман адамы қарапайым экологиялық білімге және жаңа экологиялық ойлау қабілетіне ие болуы тиіс. Бұл ретте мектеп маңызды рөл атқарады, мектепте балаларға заманауи білім мен өмірлік тәжірибе беріледі. Оқушыларға экологиялық білім беру нәтижесі қоршаған табиғи және әлеуметтік ортада олардың өзара қарым-қатынас жасау мәдениетінен көрінеді. Оқушылардың бойында табиғатқа деген қатынас мәдениеті сабақ барысында білімдерді, икемділіктер мен дағдыларды меңгерту үдерісінде, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларды арнайы ұйымдастыру кезінде қалыптастырылады.

Жарқын, эмоционалдық «Жеріміз ортақ» іс-шарасы жайлы ортада парасаттылық пен мейірімділік нұрын шашуға ықпал етеді.

«Біздің оқушыларымыз өздерін интеллектуалдық жағынан ғана емес, сондай-ақ шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғалар ретінде көрінгісі келеді. Осыған орай, лицейіміздің сабақтан тыс қызметі саналуан қызықты іс-шаралар түрінде ұйымдастырылады. Сәуір айындағы экологиялық марафон – бұл дәстүрлі жұмыс нысаны, бірақ биылғы жылы біз бұл жұмысымызды іс-шаралардың креативті түрлері арқылы түрлендіргіміз келеді. Жас ұрпақтың өзін жоғары деңгейде іске асыруды мақсат тұтуы - уақыт талабы. Әрине, экологиялық тәрбие беру білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының дәстүрлі бағытына айналды. Біздің көздегеніміз – іс-шараны қызықты түрде ұйымдастыру арқылы өсіп келе жатқан ұрпаққа ғаламшарымыздың, еліміздің, облсымыздың бірігейлігін жете түсіндіру. Біз жас ұрпақтың бойында тиісті экологиялық мінез-құлықты жүйелі әрі мақсатқа сай етіп тәрбиелеуді жалғастырамыз, себебі бұл жеке тұлғаның рухани дамығандығының көрсеткіші болып табылады», - деп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А. Берликова қорытынды жасады.

«Жеріміз ортақ» үгіт бригадаларының экологиялық іс-шарасы
19.04.2018 15:36:53 Толығырақ

2018 жылғы 9 наурызда лицейде биылғы жылы алғаш рет «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. Ойын әйгілі телевизиялық бағдарламаның ережесіне негізделіп, көп ойыншыларға бейімделіп құрылған. Бірінші кездесуде алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы сынып оқушылары өздерінің зияткерлік білімдері мен логикалық дағдыларын сынады.

«Не? Қайда? Қашан?» топтық ойыны қатысушылардың тапқырлығы мен логикалық ойлау қабілетін тексеруге арналған. Маусымның әрбір ойыны еліміздің, облысымыздың және мектебіміздің елеулі әрі жарқын оқиғаларына арналатын болады. Жалпы алғанда лицей қабырғасында өткізілетін барлық ойындар әрдайым мемлекетіміздің, облысымыздың, қаламыздың атаулы оқиғалары мен күндеріне арналып ұйымдастырылады. Осы жолғы сұрақтар Павлодар облысының 80 жылдығының аясында құрастырылды.

«Не? Қайда? Қашан?»
11.04.2018 20:14:34 Толығырақ

 

Әйгілі қазақстандық және ресейлік IT-компаниялардың, сондай-ақ компьютерлік техниканы өндіретін әлемдік көшбасшылардың өкілдері Павлодар қаласына өңірлік форумға қатысу және жаңа технологиялар саласында соңғы трендтерді талқылау үшін келді.

2018 жылғы 16 наурызда Павлодар қаласында (Қазақстан) Инновациялық Еуразиялық университетінің негізінде Өңіраралық ИТ-Форумы өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары: Инновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар өңірлік ғылыми-технологиялық орталығы және «ИТ-Кластер Сибири» коммерциялық емес серіктестігі.

Омбы қаласының «Снейл» орталығы да аталған форумға қатысты. «Снейл» орталығының конкурстарына, олимпиадалары мен турнирлеріне қатысу және жеңімпаз атану оқушылардың рейтингісін жоғарылатып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектеседі.

«Снейл» орталығының директоры Юлия Александровна Нацкевич олимпиадалар мен сайт конкурстарының белсенді қатысушыларын құттықтап, мақтау қағаздарын өз қолымен табыстады. Бұл іс-шарада мектебіміздің 3 «В» сыныбының оқушысы Максим Лефлердің есімі ерекше аталды. Бұл оқиға оның есімінде мәңгі сақталады деп ойлаймыз.

Құттықтаймыз және білім шыңдарын бағындыруда жеңістер мен табыстар тілейміз.

Өңіраралық ИТ-Форумы
11.04.2018 20:11:05 Толығырақ
Мейірімділік, шуақ, үйлесім мерекесі!
19.03.2018 17:08:32 Толығырақ