Дарынды балаларға арналған №8 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 

 

Картинки по запросу instagram  Картинки по запросу фейсбук

Павлодар қ., Астана к-сі, 12
8 (7182) 53 47 14

Пайдалы ақпарат

Хабарландыру

Доступны результаты Online тура олимпиады имени Ганелина Д.Г.

 

www.lizey8-olymp.kz


 

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

8 (771) 425 52 33

 


 

Жетістіктер

Қ.Сатпаев атындағы халықаралық олимпиада

I орын - Драганчук Антон - "математикалық бағыт бойынша", "Физика", 

"Математика" - Уколов Иван 

II орын - "Физика" - Укибаев Ануар, Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед

"Химия" - Шерстобитова Ольга

III орын - "Математика" - Горбатюк Святогор, Рахимжанов Динмухамед, Лим Владимир

"Информатика", "Бағдарламалау"- Гончаров Матвей

"Химия" - Колдашев Эмиль

 

«Қазбротикс» аймақтық робототехникалық фестивалі

III орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б)

III орын - "Слалом" - Васин Евгений(7В), Ахметов Арлан(7В). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

9 мамырға арналған, жеңіл атлетикалық эстафета

II орын - Ұлдар командасы

III орын - Қыздар командасы

 

Робототехника

II орын - "Кегельринг-квадро"- Конрат Елизавета(8Б), Никоноров Максим(8Б). Мұғалім:Смаилов Р.А.

 

Халықаралық Менделеев олимпиадасы

III орын - "Химия" - Черданцев Владислав(8В). Мұғалім:Молокова И.Н.

 


   

 

Мемлекеттiк рәмiздер

Картинки по запросу билим ленд логотипКартинки по запросу кунделик логотип  Картинки по запросу айтест логотип  

Жаңалықтар

Мемлекеттiк рәмiздер

Мемлекеттiк рәмiздер

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

  Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.


Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.


 

 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

 

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

 Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

 Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 


  Патриотизмді және азаматшылықты, өз Отанымыз - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, сонымен қатар олардың  мағынасы мен  маңыздылығын түсіндіру мақсатында мемлекеттік рәміздерді оқып білу жоғары  кәсибі, орта  кәсибі, бастауыш кәсибі  және  жалпы  орта  білім  ұйымдарының  негізгі  білім беру бағдарламаларына енгізілген.