Ел Президентінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы Жолдауы бойынша

ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауы халқымыз үшін елеулі саяси оқиғалардың бірі болып табылады. Осыған орай, Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің» ұжымы Жолдауды ерекше назар қойып тыңдады. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі - Президенттің қарқынды даму үстіндегі әлемнің жаңа өзгерістеріне тез бейімделе алатын оқушылардың қабілеттерін дамыту бойынша нақты қадамдарды атап өтуі болып табылады. Біздің ұжым жұмыстың келесі басты аспектілерін белгіледі: жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді аяқтау, технопарктер желісін құру, мектепке дейінгі балалардың ерте дамуына арналған бірыңғай стандарттар, педагогтердің біліктілігін тұрақты түрде арттыру. Аталған басымдықтар өзімізге тиесілі озық білім беру жүйесін құруға септігін тигізеді.